Мьянмада ауылға жасалған әуе соққысынан 100-ге жуық адам мерт болды

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы Azattyq Ruhy-на сілтеме жасап хабарлайды.

Associated Press агенттігінің хабарлауынша, қарулы соққылар биліктің қарсыластары ұйымдастырған салтанатты шара қатысушыларына жасалған. Қаза тапқандар арасында балалардың көп екені айтылады.

«Бастапқы мәліметтерде қаза тапқандар саны 50-ге жуық деп көрсетілгенімен, кейінірек үкіметке қарсы БАҚ жариялаған болжам бойынша олардың саны 100-ге жуықтаған. Агенттікке сұхбат берген куәгерлердің айтуынша, ұшақ таңертең оппозициялық қозғалыстың жергілікті кеңсесінің ашылуына жиналған көпшіліктің үстіне бомбалар тастаған», - делінген хабарламада.

Шетелдік және оппозициялық БАҚ Мьянма билігінің халыққа қарсы әуе бомбаларын қолданып жүргенін жиі хабарлайды. Мысалы, «The Irrawaddy» басылымы жыл басынан бері әскери күштердің Сикайн аймағындағы, сондай-ақ Карен, Качин және Чин штаттарындағы азаматтық және қарсыласу нысандарына әуе шабуылдарын күшейткенін хабарлады. Этникалық қарулы топтар өздерінің жаңажылдық сөйлеген сөздерінде «2023 жылы әскерді құлатамыз» деп ант бергеннен кейін шиеленісе түскен.

2021 жылдың ақпанында ел конституциясының Мьянма армиясын басты кепілі ететін бапқа сүйене отырып, әскерилер азаматтық үкіметті отставкаға жіберді. Олар 2020 жылдың қарашасында өтетін парламенттік сайлауда «Демократия үшін» ұлттық лигасының пайдасына жаппай алаяқтық жасағанын жариялады. Бұл партияның жетекшісі Аун Сан Су Чжи үйқамаққа алынып, кейіннен бірқатар айып тағылды. Ол 33 жылға бас бостандығынан айырылды.