”Мықтылар турнирі”: Әйелдер боксынар Қарағандыдағы жарысқа 70 спортшы қатысады

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы Olympic.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды.

Кеше  "Мықтылар турнирінің" техникалық жиыны және жеребе тарту рәсімі өтті. 

Жарысқа жалпы саны 70 боксшы тіркелген. Олар еліміздің барлық аймағынан және Ресейден қатысады. 

Қарағандыдағы турнирдің басты ерекшелігі – әйелдер боксы бәсекесінің алғаш рет арнайы бас киімсіз өтуінде. Оған қоса бапкерлік кеңес дәл осы жарыста Азия чемпионатына қатысатын боксшыларды қарастырады.

Турнирге Париж Олимпиадасының қола жүлдегері Назым Қызайбай қатыспайтынын естеріңізге саламыз.