Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы хабарлайды.
Желіде Ерболат Құдайбергеновке ұқсас адамды полиция қызметкерлері ұстап, наркологиялық орталыққа жеткізгені туралы видео тарап кетті.
Бұған дейін де әртіске сырттай ұқсайтын адамның «закладка» деп аталатын нәрсені іздеп жүргені бейнеленген бейнематериалдар таралған. Қазіргі уақытта ондағы адамның жеке басы, оқиғаның мән-жайы, сондай-ақ Ерболат Құдайбергеннің өзі немесе оның өкілдері тарапынан ресми түсініктемелер мен растаулар түскен жоқ.
Айта кетейік, Ерболат Құдайберген 2000-жылдардың соңында «Мен қазақпын» және «Жігіттер» әндері арқылы танымал болған қазақстандық әнші әрі ән авторы. Ол эстрадалық музыка жанрынында жұмыс істеп, концерттерге қатысады және жеке дыбыс жазу студиясын дамытады деген ақпарат бар.