"Мына әңгімесі не? Әр әңгіменің айтатын жері болмай ма?": Заңгер Ләззат Ахатова ақын Исраил Сапарбай туралы

Заңгер Ләззат Ахатова "немересімен қатар балаға" бейәдеп сұхбат берген ақынды сөгіп тастады, деп хабарлайды Caravan.kz медиа порталы.

Бұл туралы ол желідегі парақшасында мәлімдеді.

"Мына қыз байғұс әжептеуір ақын, үлкен адам деп шақырды-ау, мына кісіні..Ақындығына, талантына шүбәм жоқ, бірақ немересімен қатар балаға айтып отырған мына әңгімесі не, енді? Айтатын жері болмай ма, әр әңгіменің?..Өздеріне деген елдің құрметін өстіп құртады да, артынан елге өкпелейді..", - деп жазды заңгер.