Бұл туралы ол Facebook парақшасында жазды.
"Ұлттың Қауіпсіздік қызметі қайда қарап отыр?
Мына әншінің үстінен қылмыстық іс қозғалсын!
ҚР Қылмыстық кодексінің 174-бап. Әлеуметтiк, ұлттық, рулық, нәсiлдiк, тектік-топтық немесе дiни алауыздықты қоздыру бабымен жазалансын!
Сонда Қазақтың елінде, жерінде тұрып біз оларды бұзып жатырмыз ба?
Сонда Қазақтың қаны таза емес бұзылған деп айып тағып отыр ма?
Сонда Қазақтың қыздары бұзылған ба?
Неге осындай ел алдында жүрген жұлдызсымақтар ауыздарына байқап сөйлемейді?!
Біз Араб еліне барып бұзған жоқпыз, өздері дуана сияқты қаңғып келіп, қазақтар кеңпейіл жайлы болған соң осында қалып қойды! Олай руға бөліп, бізді менсінбей қарауды тоқтатыңдар!
Сосын қазақты әркім басынып бітті ғой! Шаршатты осылай жоғарыдан менсінбей қарайтындар! Ауыздарыңа байқап сөйлеңдер!
"Әрбір қазақ жалғызым"-деген Сабыр Адайдың ұлы сөзін ұмытпаңдар!
Әлжаппар Әлқожа халық алдында кешірім сұра, әйтпесе заң алдында осы сөздерің үшін жауап бересің", - деп жазды Айгүл Орынбек.