"Мына шайтанды құртыңдар, болмаса Талғарға жіберіңдер": Халық Гүлмира Ізбасқанова жайлы

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы хабарлайды.

Әнші "Көк жигули" әнінің шығу тарихын айтты:

-"Көк жигулиді" негізі бір досым жіберді. Ол бір күнде шығып кеткен ән. Әнін білмейін де. Досым неменеге жіберіп тұрсың, сөзімен бірге жібермейсің ба дедім. Ол сол күні "фрррр" етіп жазады. Содан мен Азоданың админстраторына шығамын. "Гәп йоқ, рұқсат!" деді. Гәп йоқ болса, кеттік дедік. Басын Ораз ағаға жаздырдым. Бір күнде дайын болды.

Бағдарлама жүргізушісі:

-Пұл сұраған жоқ па?

-Жо-жоқ! Тегін берді. Басқаларға 20 мың доллар депті, дейді әнші мақтана күліп.

Хит болған әннің тыңдаушылары әнге де, әншіге де ризашылықтарын білдіргендер болды.

Дегенмен, әншінің образын да, әндерін де ұнатпайтындар көп.