Мыңдаған адам майданда қаза тапқан батыр аталарының суретін ұстап көшеге шықты

«Мәңгілік полктің» ең ауқымды шеруі Алматыдан басталды. Мұнда қолдарына ардагер аталарының портретін ұстап 5 мыңдай адам шықты. Олар 28 панфиловшылар саябағына барып, мәңгілік алауға гүл шоқтарын қойды.  

Петропавлда алғаш рет өткен бұл шараға жиналғандар қара құрым. Жалпы теріскейден соғысқа аттанған 90 мың жауынгердің әрбір үшіншісі оралмаған. Ендеше келесі шеруде олардың саны әлі де көбейеді деген сөз. Ал семейліктер бұл шараны осымен екінші рет өткізіп отыр. Былтыр қатысушылардың саны 500 дей еді. Биыл портрет ұстап шыққандардың қарасы мыңнан асқан.

Назигүл Смағұлова, Семей қаласының тұрғыны:

-Әкемнің ағасы Әлмаханов Мұхтархан соғыста хат-хабарсыз кеткен болатын. Былтыр Германиядан зиратын таптық. Немерелерім барып келді. Өзім үшін себеп болғаны әке рухы риза болсын деп. Әкем болмаса, біз өстіп жүрер ма едік?! Әкеме мың алғыс!

Танктер жүріп, ұшақтар ұшпады демесеңіз ардагерлердің Шымкенттегі шеруі де ауқымды. Соғысқа аттанған 140 мыңнан астам оңтүстік жауынгерлерінің есімдері мәрмәрға қашалып жазылған Даңқ мемориалына ардагерлерден бастап шенділерге дейін гүл шоқтарын қойды. Кеудесінде медальдары жарқыраған қарт жауынгерлердің де 70-ке жуығы шерушілермен бір сапта жүрді.


Зухра Үсенова, Шымкент қаласының тұрғыны:

-Әкемнің, ескерткіші қалсын деп. Мәңгілік сақталсын деп. Немерелері көрсін деп. Сол үшін алып шықтым.

 «Мәңгілік полк» қозғалысы  жылдан жылға әлем бойынша ғана емес, елімізде де кең етек алып келеді. Былтыр екі қалада ғана осындай шеру өтсе, биыл олардың саны сегізге жеткен.

- «Мәңгілік полк» шарасын Ресейдің Томск қаласының тілшілері 2012 жылы қала тарихынан үзінді ретінде ұйымдастырған екен. Кейін қозғалыс Қазақстан, Ресей, Қызғызстан, Украина мен Израилдьде қолдау тапты. Оған қатысу үшінғаламтордағы арнайы сайтқа ардагер атаңыз туралы мәлімет жазса болғаны. Белгілі бір форматпен басып шығарылған суреттерді олар 9-шы мамыр күнгі шеруге алып шығады.