Әсіресе Өскемен маңындағы Зырьян қаласында жағдай қиын. Мұнда толассыз жауға қар кісі бойынан асып кеткен. Жұмысқа асыққан жүргізушілер тіпті есік алдында қар басқан көліктерін таппай қалды. Оның үстіне боран салдарынан қалада қозғалыс қиындап, қоғамдық көлік жүрісін тоқтатты. Халық діттеген жерлеріне жаяулап- жалпылап жеткен. Шаһардан Быково ауылына апаратын жол қардан жаңа ғана аршылып, тұрғындарға азық- түлік тасылып жатыр. Жамбыл облысының Жуалы ауданы мен Қарағандының 4 бірдей ауданы – Бұқар жырау, Шет, Абай, Осакаровта да төтенше жағдай жарияланып отыр. Қазір ел бойынша жүздеген техника қар күреуге жұмылдырылыпты. Төтеншеліктер бұл жұмысқа кәсіпкерлерді де тартқан.
Бауыржан Жүрекбаев, ШҚО ТЖД қызметкері:
-Төтенше жағдай қызметкерлерімен қар тазарту кезінде мекемелерге КСК хаттар жолданды. Осы қарды шығарып, тез арада жолды ашуға, сондай жұмыстарды жүргізіп жатыр.
Loading...