Мыңға жуық қазақстандықтар мемлекеттік білім беру жинақтау жүйесі бойынша салым ашты - «Қаржы орталығы» АҚ президенті

"Бүгінгі таңда еліміздің мыңға жуық азаматы оқуға қаражат жинақтау мақсатында мемлекеттік білім беру жинақтау жүйесі бойынша салым ашты. Барлық қатысушы банктердегі салымдардың ашылу қарқыны күннен күнге өсуде. Бұл депозиттің жаңа түріне деген халықтың көзқарасы оң екендігін білдіреді", - деп атап өтті ол.

Айта кетейік, "Мемлекеттік білім беру жинақтау жүйесі туралы" заң 2013 жылы қабылданған болатын. Өткен жылдың маусым айынан бері бұл жүйе екінші деңгейлі банктер арқылы жұмыс істей бастады, әрі мемлекеттік білім гранттарымен және білім беру кредиттерімен қатар қолданысқа енгізілді.


"Бұл салымдардың негізгі ерекшелігі салымға әр банк өз бетінше жеке белгілейтін мөлшердегі банктің сыйақысынан бөлек 5-тен 7 пайызға дейін мемлекет сыйақысы есептеледі", - дейді Р. Әлімқұлов.

Оның мәліметінше, осы жүйеге қатысушы банктердің қатарына "Темірбанк" АҚ , "БТА Банк" АҚ, "Қазақстан Халық банкі" АҚ банктері енді.

"Қазіргі уақытта "Нұрбанк" АҚ мен "Цеснабанк" АҚ банктерімен келіссөздер жүргізіліп жатыр", - деп атап өтті Р. Әлімқұлов.