«Мыңқылдап, сандырақтап отыр»: Ұнның қымбаттау себебін нақты түсіндіре алмаған шенділер ел алдында ұятқа қалды


Өкініштісі, министрлік өкілдері аталған сұраққа жөнді жауап бере алмай, әбден састы, деп хабарлайды Caravan.kz медиа порталы.

Бұл ретте Мәжіліс депутаты кей өңірлерде бір қап ұнның бағасы 12 мыңнан 16 мыңға бірден көтерілгенін айтқан.

«Ішкі сауданы дамыту бойынша бізде қаражат қарастырылмаған. Бізде сауда комитеті бар, ол сауда мәселесімен айналысып жатыр. Сауда комитетіне сөз берейік, бірақ сіз жаңа айтып отырғандай ұн 12 мыңнан 16 мыңға қымбаттаған жоқ. Солтүстік өңірлерде жауын-шашынның созылуынан, бидайды жинау 2-3 аптаға созылып келе жатыр. Былтырғымен салыстырғанда биыл Ресейден ұн импорты 10 пайызға азайды. Қазіргі уақытта бұл бағытта жүйелі жұмыстар жүргізіп жатырмыз», - деді сауда комитеті төрағасының орынбасары.