Мықты бұқасы жоқ БҚО –да мал қолдан ұрықтандырылып жатыр

Темір тор мен білекті ерлерлің қолы. Осындай жағдайға түскен сиырларды қолдан ұрықтандыру жұмыстары атқарылады. Себебі өңірде табиғи жолмен төл алу үшін мықты бұқалар жетіспейді екен. Бірақ соның арқасында шаруалар жаңа төлдің жағдайы мен оның қашан туатынын жоспарлай алады.

Сергей Шунайбеков, шаруа қожалығының басшысы:

-Біз алдағы уақытта жақсы түлікпен жұмыс жасауымыз қажет. Түкке пайдасы жоқ бұқаның жүргені бізге керек емес. Бұл бағдарлама біз үшін маңызды. Сондықтан арнайы мамандарды шақыртып, жақсы тұқым алуды көздейміз.

Жасалатын әрекет айтарлықтай жаңалық емес. Иыққа дейін жететін қолғап, ұзын катетер мен маманның жиіркенбеуі ғана қажет. Соған қарамастан бұл салаға да инновациялық жаңартулар енгізілген. Мысалы ұрықтандырудың сәтті өткендігі УЗИ аппараты арқылы тексеріледі. Ал бірнеше айдан соң болашақ төлдің жынысы да белгілі болмақ.

Зеңгі баба тұқымының дұрыс төлдеуі үшін қазір арнайы институттар жұмыс атқаруда. Олар сиырларды эндометриоздан емдеп, гормондарының жағдайын бақылауда ұстайды. Осы процедуралар қомақты қаржыны қажет етеді. Сондықтан жергілікті зоолог-студенттер де білім алуда. Бірақ ниет білдіргендер санаулы ғана екен. Әркімнің қолын былғағысы келмейтіндігін білікті мамандардың өздері де айтып отыр.

Владимир Сорокин, «Инновациялық ветеринария»
ғылыми-кәсіптік орталығының директоры:

-Адам ешқашан жұмыссыз қалмайды. Өзіне ұнаған салада жұмыс табатыны сөзсіз. Мысалы мені сиырдың тік ішегіне қолымды салуға ешкім мәжбүрлеген жоқ. Бұған үйреніп қалдым.

Сиыр үшін жағымды тұстар аз болғанымен оның нәтижесін көрші қорадан байқауға болады. Соңғы жылдарда облыстағы мал басын бірнеше есе өскен. 

Loading...