«Мықты жігіт екен»: Желіде екі әйелімен дастархан басында отырған тағы бір жігіттің видеосы тарады (ВИДЕО)

Кейбіреулер мұны әдейі хайп үшін жасаған деп жорыса, енді бірі қазіргі таңда екі бірдей әйелмен неке қидыратындар көп екенін айтуда, деп хабарлайды Caravan.kz.

Осындай видеолардың бірі желідегі танымал пабликтердің бірінде пайда болды. Ондас жас жігіттің орамал таққан екі әйелімен бірге отырғанын анық көрегу болады.

Ал жазба авторы: «Бойдақтарға жұғысты болсын» деген қысқа ғана жазба қалдырған.

Сонымен бірге видеодағы қонақтардың бірі «Мықты жігіт екен» деп, екі әйел алған ер адамды мақтап отырған сәтін көруге болады.

Желі қолданушылары аталған видеоны қызу талқыға салған. Олар:

«Бір әйелді асырай алмай жүргенде, екі әйел не теңім?», «Көзге жаман көрінеді екен, ата-аналары қалай рұқсат берген?», «Біреуі бәйбіше рөліне еніп алыпты», «Жетпеген осы еді, біреудің өмірі қызық емес, кімді алса оны алсын», «Жиіркенішті, қыздарда да намыс жоқ екен» деп жазды олар.

Loading...