“Мырзағали Айтжанов қызметтен босатылды”: Бокс федерациясындағы кадрлық өзгерістер

Федерацияның баспасөз қызметі Париж Олимпиадасының қорытындысы бойынша кеңес өткізілгенін мәлімдеді, деп хабарлайды Caravan.kz медиа порталы.

“Бокстан ерлер командасының бапкерлік құрамы толығымен жұмыстан шеттетілді.

Қазақстан бокс федерациясының шешімі Қр дене шынықтыру және спорт істері бойынша комитетімен мақұлданды.

Осылайша, келесі өзгерістер жайында хабарлаймыз:

1. Бас жаттықтырушы Мырзағали Айтжанов және бапкерлік құрамдағы 10 маман, ҚБФ вице-президенті Азиз Қожамбетов қызметтен босатылды.

2. Қазақстанның еңбек сіңірген жаттықтырушысы Тұрсынғали Еділов Қазақстан бокс федерациясы президентінің кеңесшісі қызметіне тағайындалды. 

Жаңа бапкерлік құрам кейінірек таныстырылады», - делінген федерацияның ресми мәлімдемесінде.