Caravan Logo

”Мысқылдамасын, біздің жағдайымыз оңай емес”: Адвокаттар прокурор Дана Сәрсенбайды ауыстыруды талап етті

”Мысқылдамасын, біздің жағдайымыз оңай емес”: Адвокаттар прокурор Дана Сәрсенбайды ауыстыруды талап етті

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы хабарлайды.

Бүгін сотта сотталушылар жауап беруде. Сотталушы Аскентай Дарханның айтуынша Шерзат оны ұрған. Сотта адвокат пен прокурор сөзге келіп қалды. Өйткені, сотталушы Аскентай Дархан Шерзат ұрды десе, енді қолында кастет барын алға тартты. Аскентайдың адвокаты прокурор бұрмалап сұрақ қойып жатыр деп айыптады.

”Сұрақты қойып отырған кезде, сұрақты бұрмалап отыр. Сонымен қатар дауыс көтеріп сөйлеп отыр. Мен мемлекеттік айыптаушыға қарсымын”, - деді адвокат.

Сотталушылардың өзге де адвокаттары әріптесін қолдап, мемлекеттік айыптаушыны алып тастауды талап етті.

Ал Аскентай Дарханның әпкесі сөз сөйлеп, оған да оңай емес екенін айтты.

”Мына қызға айтарым, мысқылдап отыр. Мысқылдамасын. Бұл қиын жағдай. Бала өлгеннен кейін ештеңе айта алмай отырмыз. Біз де оңай жағдайда отырған жоқпыз” , - деді әпкесі.

Мемлекеттік айыптаушы өзінен бас тартуына келіспейтінін алға тартып, ешқандай заң бұзушылық жасамағанын айтты.

”Барлық қорғаушылардың айтқаны негізде қарасытырылмаған. Сондықтан құрметті сот, бұны негізсіз деп санаймын. Видео заңдылығына күмән келтірді дейді. Мен ешқандай күмән келтірген жоқпын. Жедел уәкілдің іс-әрекетін ғана сұрадым. Заңды ма, заңды емес пе деп. Егерде мен қылмыстық істі зерделемесем, онда мен айыпта қалай отырмын соны айтыңызшы?! Ол шындыққа жанаспайды. Эмоциялық жай-күйімді қайдан біледі? Күнделікті менімен бірге тұрып жүрген жоқ қой. Мен қарсымын, құрметті сот”, - деді мемлекеттік айыптаушы.

Судья қорғаушылардың өтінішін қанағаттандырмады.