Мысыр ІІМ басшысы өзіне жасалған қастандықты лаңкестік әрекеттердің жаңа толқынының басталуы деп бағалады

Шетелдік бұқаралық ақпарат құралдарының жазуынша, оның мұндай мәлімдемесі жарылыс орын алғаннан кейін бірнеше сағаттан соң Мысыр телеарналарында көрсетілген.

«Орын алған оқиға - бұл соңы емес, тек лаңкестік әрекеттердің басы ғана. Бұл 70-80-ші жылдардағы лаңкестік заманына оралу», - деді ол.