Бұл туралы ҚазАқпараттың арнаулы тілшісі хабарлады.
Сенбі күні Мысырда конституцияның жаңа редакциясына дауыс беру ұлттық референдумының екінші кезеңі өтті. Мысырлық халықты екіге қақ бөлген заң жобасын исламдық партиялар ұсынды және оған «Мұсылман бауырлар» қозғалысының мүшесі болып табылатын президент Мұхаммед Мурси қолдау білдірді. Дауыс беру барысында елде халықтың саяси өзгерістерге әртүрлі пікірін білдіретін көптеген жиындар өтті.
Бұл ретте, басқарушы «Мұсылман бауырлар» діни-саяси ұйымы дауыс берудің екінші кезеңінде елдің жаңа басты заңын халықтың 71 пайызы қолдағандығын жария етті. Қарсы дауыс бергендер - 37 пайыз. Халықтың дауыс беру учаскелеріне келуі 30 пайызды құрады.
Конституцияның жаңа жобасы Мысыр президенті М.Мурсиге жаңа өкілеттіктер береді. Онымен қоса, ол күшіне енген жағдайда, елде алдағы үш айдың ішінде парламенттік сайлаулар өтуі тиіс.
Референдумның соңғы нәтижелері халыққа 24 желтоқсан, дүйсенбі күні жария етіледі.