Мысыр премьері ант қабылдады


«әл-Арабия» телеарнасының хабарлауынша, бүгін үкімет басшысы Ибрагим Махляб ант қабылдады. Жуфқ арада үкіметтің өзге мүшелері де халық алдында адалдық жөнінде ант бермек.

Мысыр үкіметін бұған дейін де И.Махляб басқарған-ды. Мамыр айында министрлер кабинеті қызметтен кеткен болатын. Содан соң президент Әбдел Фаттах әс-Сиси оған премьер қызметін қайта ұсынды.