Мысырда "әл-Каида" жетекшісінің бауыры қамауға алынды

"Әл-Каида" ұйымы жетекшісі Айман әз-Завахиридің бауыры Мохаммед әз-Завахири жұмада Мысырда қамауға алынды. Бұл туралы құқық қорғау органдарындағы дереккөздерге сілтеме жасай отырып АР агенттігі хабарлады.


           Агенттік деректеріне қарағанда, ультраконсерватившіл джихадшы-салафистер тобының мүшесі болып табылатын М.әз-Завахири Каир маңында Гиза провинциясындағы өткізу бекетінде ұсталған.
           Ол биліктен шеттетілген Мысыр президенті Мұхаммед Мурсимен тығыз байланыста болған.
           Сонымен қатар, Мысыр Ішкі істер министрлігінің деректеріне қарағанда, жұмада елде М.Мурси мен "Мұсылман бауырларды" жақтаушы 1 мыңнан аса адам қамауға алынды. Олардың арасында мысырлықтар ғана емес, исламистерді жақтаушы ауған, пәкістан, сириялық азаматтар болған.