Мысырда бас прокурор қастандық құрбаны болды


Рейтер агенттігінің ақпаратынша, лаңкес жарылғыш зат қойылған көлікпен бас прокурордың автомобиліне соғылған. Баракат аман, алайда жарақат алған.

Өзге ақпарат көздерінде жарылғыш зат көлік өткен жерге қойылғаны туралы айтылады. Кей деректерге сүйенсек, прокурордың мұрны сынып, иығы шығып кеткен.  

Бас прокурорға шабуыл оның үйінің маңында жасалды. Бұл қылмысқа жауапкершілікті  "Народное сопротивление Гизы" тобы өз мойнына алды.
Соңғы мәліметтер бойынша, Фрнас Преске берген сұхбатында елдің әділет министрі Ахмед Зинд бас прокурордың алған жарақаттардан қаза тапқанын айтқан, деп жазады Би-би-си.