Мысырда исламшылдар өз жақтаушыларын наразылық көрсетуге шақыруда

Биліктен шеттетілген мысырлық исламшы президент Мұхаммед Мурсидің жақтаушылары Мысыр тұрғындарын 19-қыркүйек күні ұялы телефондарды сөндіріп тастауға шақырды, деп хабарлады сәрсенбіде британдық Би-би-си телерадиокорпорациясы.


           Осы арқылы олар ұялы байланыс операторларын шығынға батырмақ, олардың Мурсидің биліктен шеттетілуіне қатыстары бар, деп санайды.
           Және де олар салық төлемеуге, елдегі әскери төңкерісті қолдаған кейбір телеканалдарды қараудан бас тартуға шақырып отыр.