Мысырда оқушы мұғалімінің қолынан қаза тапты


Бұл туралы Agence France-Presse мәлімдеді.

Белгілі болғандай, 12 жастағы оқушының бас сүйегі зақымданған. Соққыға тиген жасөспірім бір күн өткен соң ауруханада көз жұмды.   Бүгінде мұғалім жұмыстан шеттетілді. Тергеу амалдары жүргізіліп, оқиғаның мән-жайы анықталу үстінде, деп хабарлайды 24.kz.