Мысырда қоғамдық орындарда ниқаб киюге тыйым салу жоспарлануда

Мысыр парламенті әйелдерге қоғамдық орындарда және мемлекеттік мекемелерде ниқаб киюге тыйым салатын заң қабылдауды жоспарлауда, деп жазды бейсенбіде "Индепендент" газеті.


Парламент мүшесі және Аль-Азхар университетінің заңгер профессоры Амна Носейрдің айтуынша, бетті бүркемелейтін жамылғы кию ислам үшін міндетті талап болып саналмайды.
Оның айтуынша, Құранға сай әйелдер қарапайым киініп, бастарына орамал салуға тиіс, алайда беттерін бүркемелеуі шарт емес.
Ниқаб- мұсылмандық әйелдерге арналған бас киім, ол көзден басқа адам бетін толығымен жабады.