Мысырда ұсталған алты қазақ жігіті елге қайтарылатын болды

Бұл туралы ҚР сыртқы істер министрлігі баспасөз қызметінің жетекшісі Әнуар Жайнақов Фейсбуктегі парақшасында жазды, деп хабарлайды Caravan.kz

"1 тамыз күні кешке Мысырдың Ұлттық қауіпсіздік қызметінің өкілдері Қазақстан елшілігімен хабарласып, ұсталған қазақстандақтардың отанына қайтарылатынын айтты. Қазақстан консулы осыдан кейін бірден тиісті процедураларды ұйымдастыру үшін әуежайға барып, Қазақстан азаматтарымен кездесті. Олардың жағдайлары жақсы" дейді Ә.Жайнақов.

Оның айтуынша, алты жігіттің Мысырда не үшін ұсталғаны әлі де белгісіз.