Мысырдағы дағдарысқа байланысты шайдың бағасы түсуде


Шайдың ірі экспорттаушылары Кения, Шри-Ланка, Үндістан. Кениялық шайдың орташа сұрпының көтерме бағасы өткен аптада келісіне 2,64 долларға дейін түсті. Бұл 2012 жылдың тамыз айымен салыстырғанда 34 пайызға төмен. Трейдерлер Мысырдың жағдайы қалыпқа келмесе, шайдың бағасы әлі де түсе береді деп болжауда.