Мысырдың бұрынғы президенті Мұхаммед Мурсидің жүзге тарта жақтасына жаза кесілді


Олардың арасында шартты мерзімнен бастап 25 жылға дейін бас бостандығынан айырылғандар бар, деп хабарлайды «әл-Арабия» телеарнасы.

Атап айтқанда, Кафр-эш-Шейх провинциясында қаңтар айындағы тәртіпсіздіктерге қатысқан 86 адам сотталды. Оның ішінде 73 адамға 15 жыл, тоғыз адамға 10 жыл, кәмелет жасына толмаған тағы төрт бала шартты мерзімге жаза кесілді.