Тағылған айыптар бойынша Мүрси ереуілшілерді тұтқындап, кейін азаптауға жол берген. Алайда сот 2012 жылдың желтоқсанында шеруге шыққандарды арандатып журналистердің өліміне әкелді деген айыпты алып тастады. Бұл есептелген жағдайда ол өлім жазасына кесілуі мүмкін еді. «Мұсылман бауырлар» партиясының өкілі Мұхаммед Мүрси 2012 жылдың маусымында президент боп сайланып, бір жыл өтпей әскерилер билікті қайта тартып алған болатын. Ал партияның өзі лаңкестік ұйым деп танылды. Экс-президентпен бірге «Әл Иттихадия» сарайының ісіне қатысы бар 12 адам 20 жылдан арқаласа, тағы екеуі 10 жыл өмірін темір тордың ар жағында өткізетін болды.
Loading...