Мысырлық адвокат Бассем Вахба Чемпиондар лигасының финалында Мысыр құрамасы мен "Ливерпульдің" шабуылшысы Мохамед Салахты жарақаттаған мадридтік "Реалдың" қорғаушысы Серхио Рамосты бір миллиард еуроға жазаға тарту үшін сотқа шағым жасады. Бұл туралы Goal.com порталы хабарлап отыр.
Финалдық кездесудің 30 минутында Салах жарақатына байланысты алаңнан кеткен болатын. Оның орнына Адам Лаллана шыққан болатын. Ал кездесу 3:1 есебімен "Реалдың" пайдасына аяқталды.
Айта кетейік, Салахты жарақаттағы үшін Рамос кездесудің бас төрешісі сербиялық Милорад Мажичтен ешқандай ескерту алған жоқ.
Егер Вахба бұл істе жеңіске жететін болса, бір миллиард еуроны қайырымдылық қорына беремін деп отыр екен. Шағымды ол ФИФА-ға түсірген. Бірақ Чемпиондар лигасын УЕФА өткізеді.
"Рамос Салахты әдейі жарақаттады. Сол үшін де жазалануы керек. Мен ФИФА-ға шағым білдірдім. Мен өтемақыны талап етіп отырмын. Рамостың Салах пен Мысыр еліне келтірген физикалық және психологиялық залалы үшін ол бір миллиардтан асып кетуі мүмкін", - деді адвокат мысырдық Sada El-Balad арнасының эфирінде.
Бұған дейін Мысырдың спорт министрі Халед Абд Эль-Азиз Салахтың емделуіне екі апта кететінін және оның 2018 жылғы Ресей жерінде өтетін әлем біріншілігіне қатыса алатынын айтты. Әлем біріншілігінде Мысыр құрамасы А тобында Ресей, Уругвай және Сауд Арабиясымен бір топта ойнайды.