Мысырлық заңгер қыздарды зорлауды ұлттық парыз деп атады

Заңгер қазіргі қыздардың сыртқы келбетіне көңілі толмайды екен. Атап айтқанда, қыздардың шалбарының тілім-тілім болуы оған мүлдем ұнамайды. Оның ойынша, «мұндай қыздарға қоқан-лоққы көрсету – патриоттық парыз, ал оларды зорлау – ұлттық парызбен» тең.

Мысырдың әйелдер ісі жөніндегі ұлттық кеңесі аль-Вахшаның сөздеріне қатысты шағымданатындықтарын жеткізді. Олардың айтуынша, заңгердің айтқан сөздері Мысыр конституциясына қайшы келеді.

16 қазанда Мысырдың Каир қаласы әйелдер үшін әлемдегі ең қауіпті қала болып танылды. Каир әйелдерге қатысты сексуалды және басқа да зорлық түрлерінен ең жоғары көрсеткіш көрсетіп отыр.