Мюнхенде Екінші дүниежүзілік соғыс кезінен қалған бомба жарылды: зардап шеккендер бар

Бұл туралы Caravan.kz медиа-порталы Tengrinews.kz-қа сілтеме жасап хабарлайды.

Оқиға орталық вокзалға жақын орналасқан Donnersbergerbrücke станциясы маңында құрылыс жұмыстары кезінде болған. Бұл кезде жұмысшылар екінші теміржолындағы туннельде бұрғылау жұмыстарын жүргізіп жатқан.

Жарылыс салдарынан төрт адам зардап шекті, пойыздар қозғалысы уақытша тоқтатылған. Мюнхен өрт сөндіру қызметі бір адам ауыр жарақат алғанын хабарлады.


Қазір бұл учаскеде пойыздар қайта жүре бастады, бірақ кестеде кешігулер бар. Мамандар тексеру жасап, аумақты тазарту жұмыстарын жүргізіп жатыр.