Н. Назарбаев Әзербайжанда бірқатар екіжақты кездесулер өткізеді

Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметінен мәлім етті.

Мемлекет басшысы Габала қаласындағы Түркітілдес мемлекеттер ынтымақтастық кеңесінің үшінші саммитіне қатысады.


Сондай-ақ Қазақстан Президенті Әзербайжан Республикасының Президенті Ильхам Әлиевпен, Қырғыз Республикасының Президенті Алмазбек Атамбаевпен және Түркия Республикасының Президенті Абдулла Гүлмен екіжақты кездесулер өткізеді.