Н. Назарбаев Берлинде А. Меркельмен Украинадағы жағдайды талқылайды

Қазақстан Президентінің 9 қаңтарда Берлинде Германия Федералдық канцлері А.Меркельмен бейресми кездесуі жоспарланған, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі.

Осы келіссөздер барысында екіжақты ынтымақтастық мәселелері, сондай-ақ Украинадағы жағдай талқыланады.

Сонымен қатар, неміс тарапының өтініші бойынша Мемлекет басшысының Германия федералдық сыртқы істер министрі Ф.-В.Штайнмайермен кездесуі көзделген.