Парадқа 10 мыңнан астам әскери қызметші, 135-ке жуық жауынгерлік машина, 71 ұшу аппараттары (1945 жылғы 9 мамырдан бастап жылдар саны бойынша) қатысты.
Биыл бұл жаңа әскер мен күш ведомствосы өкілдерінің (Әуе-ғарыш күштері және Ұлттық гвардия) алғашқы қатысуы болмақ. Сондай-ақ алаңнан бірінші рет РФ Қорғаныс министрлігі Әскери универститетінің және Хрулев атындағы Әскери материалдық қамтамасыз ету академиясының филиалы - Вольский әскери институтының тәрбиеленушілері - әйел әскери қызметшілер жүріп өтті.
Мәскеу астанасы орталығынан дәстүрлі түрде ондаған ұшақтар мен тікұшақтар ұшып өтті.
Қызыл алаңдағы Жеңіс парадынан кейін Ұлы Отан соғысы сарбаздарының портреттерін көтерген «Мәңгілік полк» акциясының қатысушылары жүріп өтті.