Кездесу барысында тараптар Қазақстанның ДСҰ-ға кіруі жөніндегі келіссөздердің табысты аяқталуына қатысты пікір алмасты. Сонымен қатар еліміздің осы Ұйымға кіруі жөніндегі құжаттар топтамасын ратификациялаумен байланысты ішкі рәсімдер мәселесі де қозғалды.
Елбасы республикамыздың ДСҰ-ға енуі «Қазақстан - 2050» ұзақмерзімді даму Стратегиясында қойылған міндеттерді жүзеге асыру, сондай-ақ сыртқы сауданы одан әрі дамыту және шетелдік инвесторлармен өзара ықпалдастықты кеңейту тұрғысынан маңызды екенін атап өтті.