Н. Назарбаев пен В. Путин Уфада энергетика мәселелерін талқыламақ


Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаевпен екіжақты келісім өткізеді.

Путин мен Назарбаевтың екіжақты кездесуінің басты тақырыбы энергетика мәселелері болмақ. Бұл туралы ресейлік көшбасшының көмекшісі Юрий Ушаков хабарлады, деп мәлімдеді ТАСС.

Гуманитарлық байланыстарды дамыту және РФ мен Қазақстанның басқа да салалардағы өзара іс-қимылы талқыланатын болады. Сондай-ақ Ушаков айтқандай, Уфадағы шара уақытында Назарбаевқа Александр Невский ордені табыс етілетін болады. ««Қазақстан-Ресей ынтымақтастығындағы жоспарлардың дамуына, еуразиялық интеграциялық үдерістерді алға жылжытудағы екіжақты ықпалдастыққа қосқан өлшеусіз үлесі үшін»  Н. Назарбаевты осы орденмен марапаттау туралы жарлыққа Путин маусымда қол қойған.