Н. Назарбаев: Қазақстан Ресейдің Сирияның химиялық қаруын халықаралық бақылауға тапсыру бастамасын қолдайды


«Қақтығысты дипломатиялық жолмен шешудің мүмкіндіктері әлі де бар екендігіне сенімдімін», - деп өз пікірін білдірді Нұрсұлтан Назарбаев. - Қазақстан Ресей Федерациясының сириялық химиялық қаруды халықаралық бақылауға тапсыру бастамасын және Сирияның Химиялық қаруды әзірлеуге, өндіруге, жинақтау мен қолдануға тыйым салу және оны жою жөніндегі конвенцияға қосылуын қолдайды.