Н. Назарбаев қазақстандық киімдерді киюге шақырды

«Барлық өңірлерде шағын және орта бизнесті дамыту керек. Бізде бұрын болмаған өндіріс орындарын ашу арқылы осы салада тиімді жұмыстар атқарып жатырмыз. Алайда, біз де отандық өндірісті қолдауымыз керек. Мысалы, мен Қазақстанда тігілген костюм кием, аяқ киімім де өз елімізде тігілген. Өзіміздің жеңіл өнеркәсібімізге осылай жарнама жасаймын», - деді Нұрсұлтан Назарбаев Ақтөбе, Атырау, Батыс Қазақстан, Маңғыстау облыстарының әкімдерімен болған жиында.  


Сондай-ақ, Елбасы бүгінгі таңда елімізде сапалы отандық тауарларды өндіру көлемін арттыру бойынша жұмыстар атқарылып жатқанын айтты.