Н. Назарбаев ҚР мемлекеттік қызметі туралы заңға қол қойды

Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметінен хабарлады.

Заң бес институционалдық реформаны жүзеге асыру жөніндегі 100 нақты қадам - Ұлт жоспарын іске асыруға және мемлекеттік аппаратты кәсібилендіруге бағытталған.

Заң мәтіні баспасөзде жарияланады.