Атап айтқанда, Мемлекет басшысына Словакия Республикасының елшісі Петер Юза, Грузия елшісі Зураб Патарадзе, Монғол елшісі Жагир Сухээ, Қытай Халық Республикасының елшісі Лэ Юйчэн, Финляндия елшісі Илкка Унто Калерво Райсанен Сенім грамоталарын табыстады.
«Құрметті мырзалар! Сіздерді Ақордада көргеніме қуаныштымын. Ең алдымен, Қазақстан Республикасының дипломатиялық миссияларының қызметкерлері болып тағайындалуларыңызбен шын жүрегіммен құттықтаймын. Сіздердің қызметтеріңіз сенім мен өзара түсіністікті нығайтуға, екіжақты ынтымақтастық әлеуетті барынша арттыруға бағытталған деп санаймын», - деді ҚР Президенті Сенім грамотасын қабылдау рәсімінен кейін.