Н. Субханбердин Қазкомның жай акцияларының бөлігін К. Рақышевке сатты

деп хабарлады «Қазкоммерцбанк» АҚ баспасөз қызметі.

«2014 жылғы 26 желтоқсандағы екі банк акционерлерінің жалпы жиналысында бекітілген ҚКБ пен БТА итеграциялану үлгісін іске асыру аясында Нұржан Субханбердин оған тиесілі Қазкомның 22 526 438 дана (орналастырылған жай акциялардың жалпы санынан 2,82 пайыз) жай акциясының бөлігін банктің басқа акционері - Кеңес Рақышевқа сатты», - делінген хабарламада.

Осылайша, Нұржан Субханбердинге қазір Қазком акциясының 5,99 пайызы тиесілі. Оған ОАИК арқылы жанама тиесілі акцияларды есепке алсақ, Субханбердин бақылауындағы акциялардың жалпы үлесі 26,28 пайызды  құрайды. Рақышевке акциялардың 28,67 пайызы тиесілі.