Бас кейіпкер Нағиманың ес білгелі көрмегені жоқ. Тастанды қыз есейгенде туған ата-анасын іздеп табады. Жылдар бойы мейірімге шөлдеген Нағиманың рөлін Алматы облысындағы балалар үйінің тәрбиеленушісі Дина Түкібаева сомдаған.
Дина Түкібаева, Алматы облыстық №1 балалар үйінің тәрбиеленеушісі:
–Менің ойымша, ары қарай өмір сүру керек. Ата-анам жоқ деп еңсесін түсіруге болмайды. Олар керек қылмаса, одан әрі іздеп, күйзеліске түсудің қажеті жоқ. Өз болашағың үшін тырысу керек.
Ал «көкек» ананың рөлін кастинг директорының өзі ойнаған. Мәдина Өтебаева екі баланың анасы болғандықтан, бұл бейнені сомдау оңайға соқпады дейді.
Мәдина Өтебаева, кастинг директоры:
–Маған осындай рольді ойнау қиын болды. Баланы тастап кету... Текст миыма қонбайды. Актриса қыздарға барам. Негізі, ең бірінші рет ойнайтын ролім. Оның үстіне мен ауырып қалдым, Балалар үйіне, жындыханаларға бардық, бала іздедік.
Кино саласында өзіндік қолтаңбасы бар режиссердің көрермен аудиториясы да ықшамды. Оның картиналары қоғамда үлкен пікірталас тудырғаны белгілі. Десе де автор адами құндылықты жоғары қойғанын алға тартады.
Жанна Исабаева, режиссер:
–Адамдардың бәрі махаббатқа зәру. Кейбір адамға миллиондаған жандардың ықыласы аздық етеді. Енді біреуге жан дүниесін түсінетін бір адамның сүйіспеншілігі жетеді. Фильм ана махаббатын аңсап өскен қыздың ахуалы жайлы болмақ.
Францияда, Германияда және Кореяда халықаралық деңгейде бағаланған картиннаға отандастарымыздың да өз бағасын берер уақыты келді.