Тіпті 2017 жылдан бастап шетелдіктерді жұмысқа шақырған кәсіпкерлер оның әрқайсысы үшін бюджетке 400 мыңнан салық төлеуге міндеттелмек. Бірақ елге тым қажет мамандар болса бұл соманың көлемі азайтылады. Бір қызығы, бөгде елдің азаматтары Қазақстанды Орта Азиядағы ең бай мемлекет ретінде санайды екен. Бүгінгі таңда қазақтың нанын жеп отырған 40 мың шетелдіктің 60 пайызы құрылыста істейді. Арзан жұмыс күші соңғы кездері Қытайдан көп келетін болған. Шенеуніктер мұхит асып келетін мигранттардың отандық кадрларды нарықтан ығыстырмауын бақылап отырғандарын айтады. Ал жұмысқа алудың жаңа тәртібі ұлттық деп айдар тағылған жобаларға қатысы жоқ.
Біржан Нұрымбетов, ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму вице-министрі:
- Үкімет өте маңызды деген жобаларға шетелдік жұмыс күшін тартудың бөлек ережесін жасады. Бұл «ЭКСПО», Назарбаев университеті мен Ұлттық Медицина холдингі. Бұларға ортақ талап жүрмейді. Шетелден қанша қызметкер алдыртамын десе де өз еркі.
Loading...