Нағыз қазақ тойы басталды!

      Бас құдағи Бибігүл Төлегенова апайымыз құдалар әкелген бір сандық киітті тарату рәсімін өзі бастап, туған-туыс, жекжат-жұрағатқа табыс етеді.

     «Той Beststar»  «Тойжарыс» деп аталатын байқау жариялайды. Жеңімпаз 22 наурыз Ұлыстың Ұлы мерекесінде марапатталып, ат мінгізіледі. Қандай байқау екенін той күні білетін боламыз...

     Қазақтың тойы балуандарсыз өткен бе? Ендеше, келесі қонақпен таныс болыңыздар. Сидней Олимпиадасының күміс жүлдегері, ҚР еңбек сіңірген спорт шебері - Ислам Байрамуков. Жүргізушілеріміз Ислам мырзаны сұрақтың астына алып, әбден қинады. Той үстінде МАИ қызметкерлері Ислам мырзаны жол ережесін бұзғаны үшін, әкімшілік жауапқа тартты. Қалай, не үшін екеніне бірге көз жеткізейік...

     
Ке
зекті қонағымыз елімізге белгілі режиссер, көптеген тойлардың құрметті қонағы болудан шаршамаған - Еркін Рақышев. Халықтық хит фильмдерімен көпшілікке танылған ел азаматы, өз фильмдерінен емтихан тапсырып, ойынға қатысады.

      Эксклюзив! Тойда ән салатын әншілер тойға лайықты болу үшін «Той BestStar» думаны «Тойфактор» деп аталатын жаңа айдар ұсынады. Өзін қазақтың тойына лайықтымын деп санайтын кез келген әнші келіп, Айгүл мен Жанардың сынынан өте алады. Ендеше, осы аптада «Тойфактор»-да алғашқы болып Айқынды тыңдай аламыз.  

      Әр сенбінің кешінде, сағат 19.20-да  КТК арнасында нағыз қазақы тойдың куәсі болуға шақырамыз.