Бұл туралы ол Facebook желісіндегі парақшасында жазды, - деп хабарлайды Caravan.kz медиа порталы.
"Мәншүк" деген сериалды көріп, пулеметпен кімді атарымды білмей, жүйкем жұқарып отыр еді...
Қабатов "Хабардың" продюсері болды дей ме?
Жетіскен екенбіз...
Үтікті қоссақ қабатов шыға келетін...
Қазақ тележурналистикасының жеткен жері... жырқ-жырқ, тырқ-тырқ...
Ақпарат, кино, сериал, әдебиет, театр, өнер... бәрі монополияға айналған...
Қабатов, қабатовтың әйелі, Қайрат, қайраттың әйелі, баян, баянның күйеуі... Оларға той мен шоу жетпеді...
Әдебиет пен тарихты оқымай, әдеби, тарихи фильмдер түсіретіндерін қайтерсің... наглостьта да шек болу керек қой... адам кішкене ұялу керек қой...
Бұған бір тоқтау бола ма екен? Әй, қайдам... осы кеткені кеткен...
Darhan Qydyráli мырза! Тым болмаса, телеарналардағы кино, сериалдарды тазалаңызшы. Желге ұшып жатқан қыруар қаржыға обал, халыққа обал", - деп жазды Сәуле Әбілдаханқызы.