Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы "Мамский әңгіме" бағдарламасына сілтеме жасап хабарлайды.
Әнші жаңадан тұрмысқа шыққан кезде болған өте ауыр қиыншылықтарды жасырмады. Сонымен қатар, Жазира Байырбекова күйеуінің қас-қабағына қарап, президенттің қабылдауынан бас тартқан.
- 40 жасқа дейін күйеуі не істесе де, қандай жағдай болса да шыдау керек деген ойда болатынмын. Ал, қазір ойым мүлдем өзгерді. Адамға өмір бір-ақ рет беріледі. Егер, дәм-тұзы жараспайтын болса, қол жұмсайтын болса, бір-бірін түсінбейтін, бір-бірін қолдамайтын болса, уақытты кетірудің қажеті жоқ деген тұжырымға келдім.
Ер-азамттарды қатты еркелетіп жіберген қоғамға айналғандаймыз. Ер адамға бәрі де болады, измена да болады, әйелді ұруға да болады, ішуге де болады. Ал, әйел адамдарға ештеңе де болмайды деген сияқты. Осы нәрсеге халықпен бірге менің де ойым өзгерді. Жалпы, ойы өзгермейтін адамнан сақтан дейді. Пікірім өзгерді, деп әншә жан сырын ақтарды.
"Ішінде бір мұңы бар сияқты. Толық ашылмай, көп нәрсені жеңілдетіп айтып отырғандай көрінді. Өте әдемі, нәзік келіншек! Әйел бақытын тілеймін!", "Енесі мен күйеуі нағыз абьюзер екен. Жанболатқа повезло с Жазирой. Жазира ақылы бар болған соң, "жарайды" деп арттарын жауып, оларға сөз тимесін деп. Негізінде Жазира бұдан да жақсыға лайықты деп есептеймін", деп жазды оқырмандар.