Нағыз қазақ қазақ емес, нағыз қазақ – домбыра

Домбыра қазақтың киесі, қазынасы. Қазақ пен домбыра егіз ұғым. Көненің көзі, шежіресі болған домбыра ұлтымыздың айнымас бөлігі.

Бүгінде домбыраны дәріптеп, оны үйренуге тырысып жүрген жас ұрпақ аз емес. Дегенмен, ұлттық аспапты үйрену оңайға соқпайды. Ол үшін арнайы маманды қажет. Қазіргі таңда балалар шығармашылығында үлкен маңызы бар үйірмелердің бірі де, бірегейі домбыра үйірмесі. Домбыра үйренудің қыр-сырын білу үшін домбыра үйірмесі орталығының жетекшісі Нұрбол Алданмен Caravan.kz медиа порталының тілшісі сұхбаттасты.

-Нұрбол мырза, бұл салаға келуіңізге кім түрткі болды, Өзіңіз жайлы айтып өтсеңіз…

-Мен Нұрбол Алдан Қызылорда облысы, Қармақшы ауданы, Байқоныр қаласының тумасымын.

Ең алғаш домбыраны 5 сыныпта ұстадым. Ата-

анамнын ұсынысымен, өзімнің қызығушылығыммен

5 жылдық музыка мектебіне түстім. Бірақ оның, 4 жылын ғана бітірдім, өйткені мектепте 9 сынып бітіріп оқуға кету керек болды.

Сөйтіп, мектеп бітірген соң, Алматы қаласында

П.И.Чайковский атындағы музыка колледжіне түстім.

 Оны 4 жыл оқып, Кұрманғазы атындағы

Қазақ Ұлттық Консерваториясына түстім. (өкінішке орай бізде 1 ғана, консерватоия, мысалы, Россияда 3 консерватория бар). Сөйтіп, Консерваторияны 2020 жылы індеттің өршіп тұрған кезінде

бітірдім.

Консерватория қабырғасында оқып жүргенімде, жайлап оқушылар қабылдай бастадым. Бастапқы кезде үйлеріне барып оқыттым, кейін кішкентай кабинет алып, сол жерде окыттым. Ол кезде ары кетсе 15-20 оқушы қабылдауға ғана мүмкіндік болды. Бірак, менде іштей 1000 қазаққа домбыра үйретсем ғой деген арман, мақсат болды. 1000 оқушыны дәл қазіргідей кабинетке шақырып оқыту мүмкін емес екені түсінікті. Содан, домбыраны онлайн үйретсем калай болады, әрі тек Алматы қаласынан емес, бүкіл Қазақстанның түкпір-түкпірінен оқи алады, бағасы да арзан болады деген ой келді.

Қазіргі таңда сол ойларым мен арманымды іске асырып жатырмын.  

Қазіргі таңда оқушыларға домбыра үйрететін орталығым бар. Бұйыртса, алдағы уақытта бұдан да үлкен жоспарларым бар. Алдыма келген шәкірттерімен тек сапалы дүние үйретсем деймін.

Осы тұрғыда айтарым, әр қазақ үшін, қазақ елі үшін маңызды екенінің тағы бір дәлелі, айғағы – 2018 жылдан бастап, шілде айының бірінші жексенбісі Ұлттық домбыра күні бекітілген. Және сол жылдан бастап елімізде үлкен мерейтой болып тойланып, басымдықпен мән беріліп келеді.

Қазіргі таңда сол ойларым мен арманымды іске асырып жатырмын.  

-Орталықтың ашылғанына қанша уақыт болды? Қанша шәкірт білім алып жатыр. Шәкірттерді қанша жастан қабылдайсыздар?  

-Орталығымның ашылғанына 4 жыл болды. Басында оқушыларға сабақты өзім беріп бастадым. Кейін физикалық тұрғыда үлгермегеннен кейін, оқытушы алып бастадым. 2022 жылы мемлекеттік «Даму бала» бағдарламасына қосылып, оқушыларды тегін қабылдай бастадық. Осы уақытқа дейін 500-ге жуық оқушы оқыттық.

Қазіргі таңда 100-ге жуық оқушы оқып жатыр. Шәкірттердің жас-аралығы 5-65 жас аралығын қамтиды.

-Өзіңізден басқа ұстаздар бар ма? Олар жайлы айтсаңыз...

-Қазіргі таңда өзім сабақ бермеймін. Үш оқытушым бар. Өзім оқушылардың қалай үйреніп жатқанын бақылап, администраторлық жұмысымен айналысамын.

Оқытушылар жайында айтатын болсам, біреуі Консерваторияны бітірген, қалған екеуі колледжді бітірген. Кемі 2-3 жылдық тәжірибелері бар. Оқушыларымызды конкурстарға шығарып, жүлделі орындар алып жүр. Бұл біздің оқытушыларымыздың жемісі деп айта аламын.

-Домбыра үйірмесін ашудағы мақсатыңыз. Ашуға не себеп болды?

-Өзім Сыр елінің тумасы болған соң, қанымда бар шығар деп ойлаймын. Ата-анамның берген қазақи тәрбиесімен, берген бағытымен, бала күннен қызығушылығым мен домбыраға икемділігім әсер етті деп айтар едім.

Осы өнер саласындағы нағыз қазақты танытатын киелі домбырамызды өскелең ұрпаққа үйрету, ұлттық өнерді, құндылықты дамыту, қазақ өнерінің дамуына сәл де болса үлесімді қосу мақсатым болды.

"Екі ішектің бірін қатты,бірін сәл-пәл кем бұра. Нағыз қазақ – қазақ емес, нағыз қазақ – домбыра", деп алық жазушысы Қадір Мырза Әлінің осы бір қанатты сөздері күмбірлеген қара домбыраның сан ғасырлық тарихын әспеттесе керек.

Нағыз қазақты танытатын – осы домбыра деп айтамын. Және ір қазақ оны күмбірлете білсе, нқр үстіне нұр емес пе?

-Қазір түрлі аспапта үйірмелер көп. Домбыра үйірмесіне сұраныс қаншалықты?

-Сұраныс басқа аспап үйірмелеріне қарағанда, өте жоғары деп айта аламын. Себебі, бұл мемлекетіміздің ұлттық, яғни, нөмірі бірінші аспабы, қазақ музыка аспабы десе бірден ойға домбыра келеді.

Екі мың жылдық тарихы бар, көненің көзі, қазақтың жаны, Алтай-Атырау арасындағы алқаптың үні, бабаларымыздың мың жылдықтан есітілетін жаңғырығы, қос ішек пен бір тиекке сыйдырған нағыз аспап, нағыз қазақ – домбыра.

Тіпті, қазақтардан бөлек басқа ұлт өкілдері де қызығушылық танытып, келіп үйреніп кеткен кездері болған.  

-Домбыра аспабының балаға берер әсері қандай?

-Домбыраның балаға берер әсері өте көп. Ең алдымен баланың бойында қазақи ұғымды қалыптастырады.Баланы өнерге баулуы, оның табиғатын ашып, бойында эстетикалық талғам қалыптастыруы – басты фактор. Себебі, домбырадан бөлек кез келген аспапта ойнай алатын бала мен аспапта ойнай алмайтын баланың айырмашылығы жер мен көктей. Өнерге жақын баланың мінезі жұмсақ, жаны нәзік болады. Домбыра аспабын игерген бала жүрген жерін ән мен күйге бөлеп жүреді.

Сонымен қатар, домбыраның ерекшелігі – адам денсаулығына өте зор пайдасы бар.  Домбыра ойнаған сәтте адам денесіндегі 12 мүшенің барлығы да қимылдайды. Саусақтары, білезіктері қимылдап, орындықтағы отырысының өзіне дейін қадағаланады. Арқаны, мойын мен иықты тік ұстау сүйектің дұрыс қатаюына әсер етеді. Домбырада ойнау баланс сақтауға көмектеседі, мидың жұмысын жақсартады. Соның ішінде, жасөспірімдер денсаулығына әсері мол деп айта аламын. Мен де өз балаларымды домбыра үйретуді қолға алғанмын.

-Домбыра үйрету тәсілдеріңіз жайлы айтсаңыз. Шәкірттер қанша уақытта үйрене алады. Белгілі бір қағида бар ма? Әлде, әр шәкірттің өзіне байланысты ма?

-Домбыра үйренуге көп уақыт кетпейді. Базалық білімді үш айда үйреніп шығады. Бір аптада үйреніп шығатындар да бар. Әрине, әркімнің қабылдауына да байланысты.

Домбыра үйрімесіне қатысатындар бірінші айда оңай күйді үйренеді. Уақыт өте күй деңгейі көтеріле береді. Ал, үшініші айда баршаға белгілі «Адай», «Балбырауын» күйлерін үйреніп кетуге мүмкіндік бар.

Домбыра үйретудің, жалпы барлық орталықтар үйрететін үш түрлі тәсілі бар. Нота, құйма құлақ және сандық жүйе. Біз соның екі түрімен: Сандық жүйе немесе құйма құлақ (слух) арқылы үйретеміз.

Бала нота білмесе де болады. Домбыра бойында 19 перне бар. Бала сол 19-ға дейін санай алса болды.

Шәкірттер орта есеппен бір айда екі-үш күй үйренеді. Дегенмен, әр оқушының деңгейі әртүрлі болғандықтан, үйрену жылдамдығы да әртүрлі болып келеді. Былайша айтқанда, әр шәкірттің қабілетіне қарайды.   

Домбыра

Домбыра – қазақ халқының өте ерте және кең

тараған, нағыз табиғи ұлттық музыкалық

аспабы. Алматы облысы, Жамбыл ауданы аумағынан шамамен 2,5 ғасыр бұрын табығлан таста кашалған суреті мен 16 ғасыр бұрын Мысыр еліндегі Нахт қабіріне салынған пішінінен еш өзгермеген. Қос ішекті шертіп ойнайтын музыкалық аспап ішекті, шертпелі аспаптар тобына жатады.

Домбыра - сан ғасырлардан бері сырын сактаған, қазақ даласында кеңінен танымал аспап.

Дегенмен, домбыра әр аймақта әр түрлі болып келеді. Солтүстік, орталық, оңтүстік аймақтарда домбыра көлемі шағын, жеті-тоғыз пернелі болса, Батыс Қазақстан аумағында кездесетін домбыра шанағы жұмыр, мойны ұзын, он екі, он терт пернелі болып келеді.