Найзағай, бұршақ: 17 облыста дауылды ескерту жарияланды 

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы baq.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды.

«Қазгидромет» бүгін, 7 қыркүйекте Қазақстанның барлық 17 облысында дауылды ескерту жариялады. Бірқатар өңірде жаңбыр, найзағай, бұршақ, дауыл мен екпінді жел күтіледі. Кей аймақтарда төтенше өрт қаупі сақталады.