"Намаз оқитын ұлым мен келінім мені иттің етінен жек көреді". Мұңлы ананың жан сыры

Caravan.kz медиа-порталы өмірде болған жүректі қозғар жайттарды жариялауды жалғастырады. Белігілі журналист Жәзира Бегалының Фейсбуктегі кезекті жазбасын назарларыңызға ұсынамыз

- Мен 40 жасымда жесір қалдым. Күйеуім құрылыста жүрегі тоқтап қайтыс болды. Екі ұлым мен бір қызымды бағып-қағып, жоғары оқу орнында оқыттым. Күндіз-түні соларды қатарынан қалмасын деп, жұмыс істедім. Ұлым оқу бітірді, қазір табысы жақсы. Үйленді. Енді ұлым мен келінім мені "шайтан ","күнəһар "дейді. Көршілер қонаққа шақырғанда ащы судан аздап татып едім. Балам мен келінім намаз оқиды. Мені иттің етінен жек көреді. Балаларыма зияны тимесін, көңілі жабырқамасын деп, күйеуге де тимедім. Олар неге мені түсінбейді, кейде өмірден безіп кеткім келеді...  Димашқа жұрт "елден кет" деп жатыр

Телефон арқылы мұң шаққан əйел еңкілдеп жылады. Ол 50 жастан асқан. Оны жұбатуға тырыстым. Өкінішке қарай, ол мені естімеген сияқты. Телефонмен сөйлескен кісінің есімін сұрап үлгермедім. Ол телефонын сөндіріп тастады. 


Қазір ана мен ержеткен баласының арасында жанжал, түсінбеушілік жиі туындайды. Ана бейнеттің зейнетін көрсем дейді. Ұлы мен келініне, күйеу баласы мен қызына ренжіген əйелдердің шағымын жиі естимін. Кімдікі дұрыс, кімдікі бұрыс? Дегенмен ана жүрегінде ұл-қызына деген шексіз махаббатты өмірде таразымен өлшеу мүмкін емес. Соны ұмытпайықшы.