Бұл шағын бейнеролик желідегі мұсылман қолданушылардың ашу-ызасын тудырып отыр, деп хабарлайды Caravan.kz.
"Ислам өркениетті, мейірімділікті, тазалық пен шыншылдықты уағыздайды. Сосын, əрине, шайтан ондайды жақтырмай, шамасы келгенше адастыру үшін иманы əлсіз адамдар арқылы дінімізді қаралауға тырысады. Бұл - тұп-тура адасу немесе, мен байқап отырмын, əлі де білмейтін адамдар көп екен, соларды осылай да дұрыс, өстіп оқи берсеңіздер де боладыға келтіріп отыр. Барлық заттың ережесі бар. Ережеден ауытқу - заңды бұзу" деп жазады Ерлан Абиров.