Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы Stan.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды.
Өнер иесі бірнеше жыл бұрын бес уақыт намаз оқыған кездерін еске алды.
“Осыдан 12 жыл бұрын мен жан-тәнімен берілген мұсылман болдым. Бес уақыт намаз оқыдым. Бірақ Құдайға шүкір ақылға келіп (шайтан азғырып) жайнамазды қойдым. Осыдан 4 жыл бұрын йогамен айналыса бастадым. Намаздан қарағанда йоганың пайдасы мол екен. Намазхандардың көпшілігі уытты, үкім шығарғыш "душнила" болып келетінін байқадыңыз ба? Себебі қарапайым: оларға біз істеп жүрген көп нәрсе тыйым салынған. Міне, сол себепті олар ашуланады”, – дейді актер.
Кейін өз сөздері үшін мұсылмандардан кешірім сұрады.
“Құрметті мұсылмандар, әлемдегі ең асыл діннің өкілдері, сіздердің ашу мен ызаға толы пікірлеріңізді оқыдым және шындықты айтқаным үшін, дамыған елде тұрғым келетіні және сіздерді адекваттыққа, оқып білуге, ғылымға, алға қарай өрлеуге шақырғаным үшін кешірім сұраймын. Ислам мемлекетінде тұрғым келмейтіні үшін кешірім сұраймын. Ақты ақ, қараны қара дейтін өркениетті елде өмір сүргім келетіні үшін кешірім өтінемін. Кешіріңіздерші... Мен сіздерден қайта-қайта кешірім сұрай беремін. Иншалла, сіздер мені кешіресіздер деп ойлаймын", - деді Әнуар Нұрпейісов.
Актердің Threads-тегі жазбасы да назардан тыс қалмады.
“Әр ұлы еркектің артында ұлы әйел тұрады, ал әр оранған әйелдің артында сақалды еркек тұрады",— делінген жазбада.