Намазға жығылу санын дәл есептейтін жайнамаз ойлап табылды (ВИДЕО)

Ол Аллаға ниет қойған мұсылманның басын сәждеге қанша рет қойғанынан жаңылысып қалмауы үшін жасалған.

Жайнамаздың жоғарғы жағында сенсорлы пластиналар орнатылған. Құдайға құлшылық ететін мұсылман сол тұсқа маңдайын тигізген сәтте тұйықталу орын алып, жайнамаздың оң жақ жоғарғы бұрышындағы есептеуішке белгі беріледі. Сөйтіп, оның қанша рет иілгені көрініп тұрады.